Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Атырау облысы

ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

                        ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Атырау энергетика кешенінің басшысы, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының Директорлар Кеңесінің төрағасы  Оразғали Қаршегенов, әскери қызметтерін Кеңестер Одағының шектеулі құрамында,  Ауғанстан Демократиялық Республикасы территориясында өткерген энергетик мамандарды қабылдап марапаттады.

Бұл шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты республика бойынша өтіп жатқан  шаралардың аясында өтті.  Жауынгер-интернационалистердің біздің салада қызмет істеп жүргендерінің саны бүгінгі күні он бір. Сол бір қиын-қыстау кезеңде Отан алдында берген Анттарына берік болып, өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, ұрыс даласында шыңдалған жігіттер, еңбек майданында да алдыңғы қатарлылардың сапында.

  Оразғали Төлеуғалиұлы ардагер жауынгерлерді аталмыш күнмен құттықтап, ТМД елдері ауған соғысы ардагерлерінің  «Боевое братство»  қауымдастығынан  арнайы алдырылған төс белгілерімен бірге, қаржылай сыйларын қоса тапсырды.

басқа жаңалықтар